Жаңалықтар

BIG Tulpar-да пәтер сату басталды

Pioneer Group компаниясы Шымкенттегі ең ауқымды тұрғын үй жобаларының бірі — BIG Tulpar жобасын ұсынады.

Жобаның жалпы аумағы 100 000 м²-ден асады.

BIG Tulpar Сырым батыра және Түркия көшелерінің қиылысында, саябақтар, мектептер мен сауда орталықтары орналасқан, қаланың қарқынды дамып келе жатқан бөлігінде «қала ішіндегі қала» форматында жүзеге асырылуда.

Кешен аумағында спортпен айналысуға, демалуға және отбасымен уақыт өткізуге арналған жеке инфрақұрылым қарастырылған: фитнес-зал, кинозал, BBQ-аймақтар, балалар ойын бөлмелері, іс-шараларға арналған той-рум және футбол алаңы. Жабық аумақ, абаттандырылған жасыл аулалар, кіріктірілген паркинг және бірінші желідегі коммерциялық нысандар тұрғындарға жайлы әрі біртұтас орта қалыптастырады. BIG Tulpar-да бизнес-класс және комфорт+ санатындағы пәтерлер ұсынылады. Пәтерлерде ойластырылған жоспарлау шешімдері, төбенің биіктігі 3 метрге дейін, автономды жылыту, газ және смарт-шешімдер қарастырылған.

BIG Tulpar-да пәтер сату басталды.

Сату бөлімі: Бәйдібек би, 83
+7 (702) 888-1010